- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат отырысының күн тәртібі белгіленді
Сенат отырысының күн тәртібі белгіленді
Сенат Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі А.Жайылғанованың өкілеттігін тоқтату туралы, сондай-ақ халықаралық үш құжатты ратификациялау туралы мәлесені қарайды.
Сенаторлар Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (энергия тиімділігін арттыру және жастар корпусын дамыту бағдарламасы үшін бір донордың Траст қоры әкімшісі ретінде әрекет етуші) арасындағы Грант туралы келісімді (Жастар корпусын дамыту жобасы) және Қазақстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын талқылайды.
Бюрода Мәжіліс мақұлдаған үш заң жобасы Сенат комитеттеріне бөлініп берілді. Атап айтқанда, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне Германия Федеративтік Республикасымен Адамдарды қабылдау және транзиттеу туралы, Чех Республикасымен Заңсыз келген адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімдерді ратификациялау туралы заң жобаларын жүргізу тапсырылды. Аграрлық мәселелер және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне «1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды жіберу кезінде авариялар болған жағдайдағы өзара іс-қимыл тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.
Одан басқа, Сенат Регламентіне сәйкес, Мәжілістің тарауына байланысты төменгі палата Аппаратынан сұратып алынған 20 заң жобасы бойынша Сенат Қаулысымен бас комитеттер белгіленді. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне «Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқықтық актілер мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы», «Төрелік туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын жүргізу тапсырылды. Қаржы және бюджет комитеті «2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорын құру туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Дағдарысқа қарсы қорының қаражатын басқару туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді.
Қазақстан Республикасының аумағына орналасқан Ресей Федерациясының 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығының объектілері мен жауынгерлік алаңдарын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық хаттаманы, 929 Мемлекеттік ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы, Сарышаған сынақ полигонын жалдау туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы, Қырғыз Республикасымен өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы үкіметаралық келісімді, Қазақстан мен Ресей арасындағы Сарышаған сынақ полигонын пайдалану мен жалға беру шарттары және Приозерск қаласының тіршілік әрекетін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобалары Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне берілді.
Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді, Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны 2015 – 2016 жылдары іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы және заңнамаға тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу; мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу; рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша түзетулер туралы заң жобаларын жүргізетін болды. Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті «Халықты жұмыспен қамту туралы»,«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша бас комитет болып белгіленді. Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыстарды бастайды.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары