- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Иордания әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды (ФОТО)
Қазақстан мен Иордания әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды (ФОТО)
Оның шеңберінде Иордания мемлекетінің және қорғаныс ведомствосының басшыларымен ресми кездесулер өтті. Кездесуде әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы мәселелер талқыланып, өзара іс-қимыл перспективалары белгіленді.
Сапардың басты мақсаты әскери және әскреи-техникалық ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы мен Иорданиялық Хашимит Патшалығының Үкіметі арасында келісімге қол қою болды. Бекітілген құқықтық негіз екі елдің қарулы күштері мен қорғаныс өнекрәсібі арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
Сапар барысында өткен жылдың соңында Елбасы Астанада ашқан «Казахстан Парамаунт инжиниринг» компаниясы заводының өнімі - «Арлан» қазақстандық броньдалған дөңгелекті машиналарды сатып алу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді. Сонымен қатар түнгі көру аспаптарының ОПК-оптикалық аспаптары мен көздеуіштер, 12,7 калибрлі НСВС оқшашарлары және олардың қолданылуымен жауынгерлік модульдер, 3 координаталы РЛС, байланыс құралдары және тағы басқа жарақтарды жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілді.
Иорданиялық Хашимит Патшалығы ҚК Штабтар бастықтарының Біріккен комитетінің төрағасымен кездесуде қабылдаушы тараптың «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техниканың IVхалықаралық көрмесіне қатысатыны белгілі болды.
Алдағы халықаралық көрмеде қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ірі жаһандық компаниялардың қару-жарағы мен техникасы ұсынылады. Шараға әскери мақсаттағы жетекші өндіруші елдердің бірқатар ресми өкілдері қатысады деп күтілуде.
Жер шалғайлығы мен қашықтығына қарамастан, екі ел арасындағы экономикалық, әскери-саяси ынтымақтастықты дамытуда үлкен мүмкіндіктер бар екенін айта кеткен жөн.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады