Н.Назарбаев ҰҚК төрағасымен терроризмге қарсы іс-қимылды талқылады

25 Қаңтар, 2016 16:54
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Комитеттің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері талқыланды. Атап айтқанда, терроризмге, экстремизмге қарсы іс-қимыл және мемлекеттік шекараны қорғау мәселелері қозғалды.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 

Барлық жаңалықтар