- Басты
- Жаңалықтар
- Субсидиялауға өтінімді қазақстандықтар ХҚКО арқылы бере алады
Субсидиялауға өтінімді қазақстандықтар ХҚКО арқылы бере алады
Бұрын осы қызметтерді ресімдеу үшін белгілі бір кесте бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тікелей жүгіну талап етілсе, енді қазір қызметтер ХҚКО арқылы қолжетімді болып отыр, оның ішіндегі үшеуіне электрондық үкімет порталы арқылы қол жеткізуге болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары субсидиялау бойынша мемлекеттік қызметтерге құжаттарды өздерінің қалыпты кестесі бойынша қабылдайды – аптасына 6 күн, түскі үзіліссіз таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 8-ге дейін.
«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша ХҚКО-лар арқылы субсидиялаудың 8 түрін алуға болады, олардың ішінде – а/ш өндірушілеріне су беру жөніндегі қызметтердің құнын; а/ш өнімдерін өңдеуге арналған гербицидтер мен биопрепараттардың құнын; асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды; жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру шығындарының құнын; тұқым шаруашылығын дамытуды; тыңайтқыштардың құнын; ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі әр түрлі – күрделілігіне қарай 6 жұмыс күнінен бастап 41 жұмыс күніне дейін созылады. Алайда, ХҚКО арқылы құжаттар топтамасын тапсырған кезде құжаттарды қабылдау күні бұл мерзімге кірмейтіндігін есте сақтаған жөн.
Қажетті құжаттар туралы электрондық үкімет порталының con.gov.kz ресми сайты және 1414 тегін нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады. Субсидиялау жөніндегі қызметтер тегін көрсетіледі.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылған сәтінен бастап мұнда ұсынылатын мемлекеттік қызметтер спектрі 212-ге дейін көбейді, ал бизнес-процесстерді оңтайландыру мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға қажетті құжаттар санын төмендетуге, сол сияқты ресімдеу мен кезек күту уақытын қысқартуға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мерзімдерін азайтуға мүмкіндік берді. Бүгін елімізде 270 ХҚКО бөлімі жұмыс жасайды.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады