- Басты
- Жаңалықтар
- 1,5 мың қазақстандық кәсіпорын өнімді эскпортқа шығаруға мемлекеттік қолдауға ие болады – ИЖТМ
1,5 мың қазақстандық кәсіпорын өнімді эскпортқа шығаруға мемлекеттік қолдауға ие болады – ИЖТМ
«Бүгінде мемлекетте экспортшыларға қолдау көрсетудің кешенді жүйесі жасалған, оның арқасында шетелдік нарыққа шыққысы келетін кез-келген кәсіпорын шетелдік сатып алушыларды іздеуден бастап, эскпорттық операцияларды қаржыландыру мен сақтандыруға дейінгі мемлекеттік қолдау көрсетуге ие болады. Экспортшыларға қолдау көрсету бағдарламасы 1500 кәсіпорынды қамтыған. Мемлекеттік қолдау сервистік және қаржыландыру түрінде көрсетіледі», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Экспортшыларға сервистік қолдау көрсету шеңберінде отандық тауар өндірушілердің экспорттық әлеуетін дамытуға және қазақстандық тауарды сыртқы нарыққа шығаруға бағытталған толық қызмет көрсету спектрі тегін ұсынылады. Осылайша, 840 млн долларға экспорттық келісім-шарттар жасалған.
Қаржылай қолдау көрсету шеңберінде 2010-2012 жылдары 131 кәсіпорынның 530 млн теңгеден астам қаржысы қайтарылып берілді.
2012 жылы Алматы қаласының 19 кәсіпорыны, Оңтүстік Қазақстан облысының 16 кәсіпорыны, Қарағанды облысының 10 кәсіпорыны, Қостанай облысының 9 кәсіпорыны бағдарламаға белсене қатысып, шығындарын қайтарып алды.
Қаржылық қолдау көрсету - бұл экспортшылардың сыртқы нарыққа шығу кезіндегі шығындарын қалпына келтіру тетігі. Осы құрал шеңберінде экспортшыларға шығындарының (маркетингтік зерттеулерге, жарнамалық-ақпараттық және көрме қызметіне, өнімді тіркеуге және сертификациялауға, шетелдік өкілдікті ашуға және ұстауға, қызметкерлерді оқытуға және экспорттық стратегияны әзірлеуге) 50% қайтарылып беріледі.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі