• Басты
  • Ақмола облысының аграрилері қазақстандықтарды сапалы ауыл шаруашылығы өнімімен қамтиды (ФОТО)
25 Қаңтар, 2016 15:18

Ақмола облысының аграрилері қазақстандықтарды сапалы ауыл шаруашылығы өнімімен қамтиды (ФОТО)

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Целиноград ауданының Төңкеріс ауылына барды. Сапар барысында ол «Қадам НС» ЖШС қызметімен танысты. Нысан мал шаруашылығы мен өсімдік өнімдерін қайта өңдеумен айналысады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысының аграрилері қазақстандықтарды сапалы ауыл шаруашылығы өнімімен қамтиды (ФОТО) | Strategy2050.kz

Кәсіпкерлік директоры Ыдырыс Қожабаев  ауыл шаруашылығы саласында тәжірибеге ие. 2014 жылы фермер ұзақмерзімді қолдану негізінде жер учаскесіне ие болды. Оның жалпы алаңы 13847 га. Қазір бұл жерде ауыл шаруашылығы өнімдері өсіріліп, мал шаруашылығы қызметі қолға алынған. Кәсіпкерлік қазақ ақбасты асыл тұқым ірі қара малының етін алу бойынша  жұмыс істеуде.

«Халықты табиғи және қолжетімді өніммен қамту – өңірдің негізгі мақсаты. Оны шешудің бірден бір жолы  сүтті мал шаруашылығын қолға алу. Сапалы ауыл шаруашылық өнімі – бүгінде сұранысқа ие болып отыр. Бұл іспен айналысу өте тиімді. Себебі, жақын маңда Астана қаласы тұр. Нарыққа тікелей жол бар», - деді облыс әкімі.

Болашақта серіктестік жергілікті халық үшін қосымша жұмыс орындарын ашып, жоғары сапалы өніммен нарықты қамтуды жоспарлауда. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды