• Басты
  • Жаңалықтар
  • Теміртауда нанобетонға арналған қоспаны өндіретін зауыттың құрылысы басталды

Теміртауда нанобетонға арналған қоспаны өндіретін зауыттың құрылысы басталды

12 Қараша, 2013 11:34
Қарағанды облысында нанобетонға арналған қоспаны өндіретін зауыт құрылысының жобасы басталды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

«Қазақстанның «жасыл» экономика өту тұжырымдамасы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Теміртау қаласында бірқатар инновациялық жобалар қолға алынуда. Олардың тақырыптық бағыты да энергожинақтау мен энерготиімді материалдар өнімдеріне негізделген. Мұндай жобалардың қатарында нанобетонға арналған қоспаны өндіретін зауыт құрылысы да бар», - делінген хабарламада.

Жобаның мақсаты – бетон тастары сапасын жақсартатын инновациялық нанотехнология негізіндегі жаңа толқын  фибробетонның кешенді өндірісін құру. Жоспар бойынша, нанобетонның 2 түрі шығарылмақ. Бірі НБ сериясындағы ауыр мен фиброн маркалы жеңіл фибропенобетон.

Жобаның бастамашысы «Construction design plant» болып табылады. Жобаның жалпы құны 50 млн долларды құраған.

Бұдан бөлек, «жасыл» экономикаға өту тұжырымдамасын іске асыру аясында доменді қоқысты өңдейтін сұрыптау қондырғысы құрылысы, «Спанбонд» тоқусыз материалынан экологиялық өнімдерді дайындау жобасы да қарастырылған.

«Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия өндірісінің қалдықтарын өңдеуге байланысты ірі жобалар бар», - делінген хабарламада.

 

Барлық жаңалықтар