- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Инвесторларды тарту кеңесі құрылды
Алматыда Инвесторларды тарту кеңесі құрылды
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бүгін тиісті өкімге қол қойды. Кеңес құрамына ірі қазақстандық және шет елдік инвесторлар, халықаралық консалтингтік компаниялар мен қаржылық ұйымдардың және басқа да мекемелердің өкілдері енді.
Кеңестің негізгі атқарар міндеті - Алматыда инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері бойынша ұсынымдар, қала экономикасына шет елдік инвестияларды тарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру стратегиясын әзірлеу.
Кеңес, мемлекет пен инвесторлар арасындағы ынтыматастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда, Алматы қаласының аумағында Инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істеп жатыр. Ол инвесторларды іздестіру және қала үшін басымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша инвесторларға қызмет көрсету ісімен айналысады.
Әрбір инвестициялық жоба бойынша аталмыш орталықтың бір жауапты қызметкері бекітіледі. Ол жобаны «алып жүреді» және оның жүзеге асуына «бір терезе» қағидасы бойынша мониторинг жасайды.
Тағы бір айта кететін жәйт, қазір қалаға ірі әлемдік брендтерді тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы, 2015 жылы желтоқсан айында Алматыда «Starbucks» кофехана желісі ашылды. Одан басқа, франциялық Carrefour дүкендер желісі Алматыда үстіміздің жылдың алғашқы тоқсанында өзінің алғашқы дүкенін ашады.
Сондай-ақ, тұрғын үйді көріктендіріп жабдықтауға арналған тауарлар сатумен айналысатын ірі франциялық Leroy Merlin компаниясы 2016 жылдың соңына дейін Алматы мен Алматы облысында сауда алаңдарын ашуды көздеп отыр.
Қазір «Auchan», «Bombardier», «IKEA» секілді компаниялармен де келіссөздер жүргізілуде.
Одан басқа, қаланың Инвестиция тарту бойынша Кешенді жоспарының орындалу барысын бақылау бойынша жүйелі негізде жұмыстар атқарылып жатыр.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Президент тапсырмасы: Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
ТКШ: 2607 жаңа басқару нысаны құрылды -
Тоқаев: Қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет