- Басты
- Жаңалықтар
- 70 мемлекет ресми түрде «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растады
70 мемлекет ресми түрде «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растады
Тараптар «жасыл энергетика» саласында одан әрі ынтымақтасудың келешегі жөнінде пікірлерімен алмасып, Латвияның астаналық көрмеге қатысуының мәселелерін талқылады.
Р.Жошыбаев Қазақстанның көрмеге дайындық шеңберіндегі атқарылып жатқан жұмысы туралы хабарлап, латвиялық тараптың «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы Қазақстан мен Латвия арасындағы ынтымақтастықтың күшеюіне жаңа серпін беретінін атап өтті.
Өз тарапынан Ю. Погребнякс мырза Латвия Үкіметінің «ЭКСПО-2017» көрмесіне ресми түрде қатысатындығын растайтын нотаны табыстады. Погребнякс мырза айтып өткендей, Латвия Республикасы Халықаралық көрме бюросына мүше емес елдердің қатарында және бірнеше рет ЭКСПО көрмесінің қатысушысы болған. «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуының растауы, Латвияның Қазақстанға деген жоғары қызығушылығын және ерекше достық қатынастарын көрсетеді.
Латвия 2020 жылға дейін ең «жасыл» мемлекет болуға ұмтылыс жасап отырған елдердің бірі және кездесу барысында Қазақстанмен «жасыл энергетика» саласында ынтымақтасуға дайын екеніне ниет білдірді. Латвия ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жасыл көпір» бағдарламасы даярлау бастамасын қолдаған алғашқы мемлекеттердің бірі және осы бағдарлама бойынша Хартияға қол қойды. Латвияның жаңартылатың энергия
көздері бойынша тұтыну үлесі бойынша соңғы көрсеткіш 37,1% құрап, Еуро Одақ шеңберінде Швециядан (52,1) кейінгі ең жоғары көрсеткіш көрсетті.
Бүгінгі күні Латвия 70-ші мемлекет болып ресми түрде «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты