- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының тиімділігін бағалау жұмысы жүргізілді
Қазақстанда мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының тиімділігін бағалау жұмысы жүргізілді
Зерттеу мақсаты – сайттардың тиімділік, азаматтарға қажетті ақпараттың қолжетімділік деңгейін анықтау және ресурстардың дамуы бойынша ұсыныстар беру.
Мамандар 12 орталық мемлекеттік органдардың, 36 орталық мемлекеттік органдар комитеттерінің, сондай-ақ 16 облыс және Астана мен Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарын бағалады.
ҚР инвестициялар мен даму министрінің м.а. 2015 жылдың 18 ақпанындағы № 135 бұйрығымен бекітілген ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігін бағалау әдістемесіне сәйкес ресурстар негізгі критерийлер бойынша бағаланады, олардың жалпы үлес мағынасы 25 баллды құрауы тиіс.
Мониторинг нәтижесі бойынша орталық мемлекеттік органдар арасында көшбасшылар ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі және ҚР Энергетика министрлігі болып шықты. Олардың артықшылықтары қатарында пайдаланушыларға тікелей бағыттылығын, пайдаланушы назарын ең маңызды бөлімдерге аудартуға және ақпараттық материалдардың үлкен көлемінде оңай бағдар табуға бағытталған навигацияның функционалдық жүйесін атауға болады.
Екінші орында ҚР Ұлттық банкінің интернет-ресурсы, үшінші орында – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі. Жергілікті атқарушы органдар арасында үздік болып Оңтүстік-Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсы танылды. Сайт мәзір бөлімдерінің анық құрылымдылығымен, жақсы ақпараттық толықтырылуымен және көрсетілген ақпараттың өзектілігімен ерекшеленеді. Екінші орын Қарағанды облысы әкімдігінің интернет-ресурсында, үшінші орында – Алматы қаласының сайты.
Мониторинг нәтижесі бойынша, барлық бағаланған ресурстар үшін негізгі ұсынымдар шығарылды. Олардың негізгісі: атқарылған қызмет бойынша өзекті ақпаратты орналастыру, құрылым бойынша деректерді тәртіптеу, толық байланыс деректерін ұсыну және тағы басқалары.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды