- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Ғабдуллина: Мәжілістің жаңаруы мобильділік пен алда тұрған реформаларға дайындықты көрсетеді
Қ.Ғабдуллина: Мәжілістің жаңаруы мобильділік пен алда тұрған реформаларға дайындықты көрсетеді
«ҚР Парламент Мәжілісінің өзін өзі тарату мен мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасын қолдаймын. Қазіргі сыртқы саяси жағдалар аталмыш шешімнің қабылдауына түрткі болып отыр, себебі Мәжілістің атқаратын рөлі үлкен. 2016-2017 жылдары әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны келе жатыр. Осы орайда Қазақстанда сайлауды жылдам өткізген абзал. Бұл барлық мемлекеттік органдарға, Қазақстан Парламенті мен Үкіметіне сайлауға алаңдамай дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді ол.
Қ.Ғабдуллинаның айтуынша, Мәжіліс депутаттары өз талаптарын түбегейлі орындады, олар Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асыру негізінің заңнамалық базасын құрды.
«Елге заң шағырушылар ретінде жаңа тұлғалар қажет. 2016 жылы реформалар басы мен Парламенттің жаңаруы қоғамға деген сынақ, ол елдің мобильді және барлық реформаларға дайын екендігін көрсетеді», - деді ол.
Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні Мәжіліс депутаттары Президентке мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді сұрап, бастама көтерген болатын. Оның басты себебі – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру. Ал 20 қаңтарда Елбасы Бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға белгіленді.
Индира Кауметова
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
Діннің радикалдануы қоғамға төнген қатер -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді