• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ә.Бектаев: Парламенттің жаңа құрамына ел болашағына алаңдайтын адамдарды таңдау қажет

Ә.Бектаев: Парламенттің жаңа құрамына ел болашағына алаңдайтын адамдарды таңдау қажет

22 Қаңтар, 2016 18:39
Парламенттің жаңа құрамына ел болашағына алаңдайтын адамдарды таңдау қажет, деді «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партияның төрағасы Әли Бектаев.

«Қазақстан ауыл шаруашылығының перспективасы өте үлкен. Және Қазақстанның аграрлық секторы Қазақстанды индустриялизациялаудың негізі болуға мүмкіндігі бар. Осы тұрғыдан алғанда, алдағы парламент сайлауында халық қалаулары ретінде біз нағыз еліміздің болашағына жаны  ашитын азаматтарды шығаруға мүмкіндігіміз бар», - деді Ә.Бектаев.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар