- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ОСК сайлау процесіне қатысушыларға арналған үндеу жариялады
ҚР ОСК сайлау процесіне қатысушыларға арналған үндеу жариялады
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының барлық сайлау процесіне қатысушыларға үндеуінің (бұдан әрі - Үндеу) мәтіні бекітілсін.
2. Осы Үндеу бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
3. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Сіздің нақты сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңіз Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін негіз болып табылады. 27 қаңтардан кешіктірмей, сайлау учаскелерінің шекаралары жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Егер Сіз өзіңіздің тұрақты тіркелген жеріңізден тыс елді мекенде болсаңыз, Сіз 18 ақпаннан кешіктірмей, уақытша болатын жеріңіздегі әкімдікке сайлау күні өзіңіз дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне Сізді енгізу туралы өтінішпен жүгінуге құқылысыз.
Өзіңіздің елді мекеніңізден тысқары жерге кететін жағдайда, Сіз
4 наурыздан бастап 19 наурыз күнгі сағат 18:00-ге дейінгі кезеңде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін өзіңіздің тіркелген жеріңіз бойынша сайлау учаскесінде алып, кез келген сайлау учаскесінде дауыс бере аласыз. Бір елді мекеннің шегінде дауыс беру үшін есептен шығару куәліктері берілмейді.
4 наурыздан бастап Сізге өзіңіздің сайлау учаскеңіздегі сайлаушылар тізімінде өзіңіз туралы деректердің дұрыстығын тексеру мүмкіндігі беріледі.
Сайлау учаскелерінде дауыс беру сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі
Егер сайлау күні Сіз денсаулығыңыздың жағдайына немесе отбасының сырқат мүшесін күтуіңізге байланысты, сондай-ақ сайлау учаскесі құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын ауданда болғандықтан, сайлау учаскесіне келе алмайтын болсаңыз, Сіз учаскелік сайлау комиссиясына «үйде» дауыс беруді ұйымдастыру туралы өтініш жасауға құқылысыз.
Өтініштер 20 наурыз күнгі сағат 12:00-ге дейін қабылданады.
СІЗДЕРДІ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері