- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Әлемдік экономика мен геосаясаттағы қазіргі ахуалға орай еліміздің ғылыми жұртшылығы өз шешімдерін ұсынулары керек
Н.Назарбаев: Әлемдік экономика мен геосаясаттағы қазіргі ахуалға орай еліміздің ғылыми жұртшылығы өз шешімдерін ұсынулары керек
Кездесу барысында отандық ғылымды дамытудың маңызды мәселелері мен Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі бағыттары талқыланды.
Мемлекет басшысы әлемдік экономика мен геосаясаттағы қазіргі ахуалға орай еліміздің ғылыми жұртшылығы пікір білдіріп, өз шешімдерін ұсынуға тиіс екенін айтты.
«Бүгінде бірде-бір сарапшы жағдайдың әрі қарай қалай дамитынын және қалыптасқан ахуалдан шығудың жолдарын болжай алмайды. Еуропадағы, АҚШ-тағы, Қытайдағы ахуалға қатысты жекелеген пікірлер бар, бірақ ешкім тұтастай пайым жасай алмай отыр. Бұған қоса, бірқатар ел арасындағы санкциялық текетірес әлемдік сауда жүйесіне оң әсер етіп отырған жоқ. Терроризм қатері де назар аударуды қажет етеді, оған қарсы тек бірлескен іс-қимыл арқылы күресуге болады. Біздің ғылыми-сарапшылық ортада осы сын-қатерлерге қатысты негізделген пікір болуға тиіс», – деді Қазақстан Президенті.
К.Сағадиев ел ғалымдары өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінетінін айта отырып, қазіргідей күрделі кезеңде қоғамға қызмет ету олар үшін кәсіби борыш екенін атап өтті.
Сондай-ақ академик Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан Ұлт жоспары зор тарихи мүмкіндік екенін, оның әлеуеті барынша пайдаланылуы тиістігін айтты. Бұл үдеріске ғылымның ғана емес, республика жұртшылығының барша өкілдері белсене қатысқаны жөн.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды