- Басты
- Жаңалықтар
- А.Перуашев: «Ақ жол» партиясы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауына қатысады
А.Перуашев: «Ақ жол» партиясы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауына қатысады
«Ақ жол» партиясының парламенттік фракциясы да аталған Жарлыққа бірауыздан қолдау білдіреді.Айтылған мәселе жөнінде біз өзге фракциялардағы әріптестеріміздің ұстанымдарымен келісеміз. Еліміз үшін маңызды жаңа кезеңде Парламентте қай партиялар жұмыс істейтінін сайлаушыларымыз айқындап бергенін қалаймыз. Сондай-ақ, «Ақ жол» партиясы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауына қатысады», - деді ол.
Оның айтуынша, дәл қазір Қазақстан үшін ең маңыздысы – тұрақтылық, келісім және экономиканың өзекті мәселелерінің дер уақытында шешілуі болып табылады.
«Жаңа сайлау қоғамның нені күтетінін жақсырақ білуге де септеседі. Бұл жаңа Парламентте өз жұмысын түзу және Президенттік реформалар мен дағдарысқа қарсы бағдарламаны заңнамалық қамтамасыз ету саласында барлық партиялар үшін маңызды болмақ»- деді «Ақ жол» ҚДП фракциясының басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылым өкілеттігін тоқтатып, ҚР Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайылауын өткізу» туралы Жарлығына қол қойды. Жалпы сайлау науқанында Мәжілістен 107 депутат таңдалатын болады, оның ішінде 98-і партиялық тізімнен және 9-ы ҚХА-дан. Жергілікті өкілдер органына барлық деңгейлі мәслихаттан 3 335 депутат сайланатын болады, оның ішінде облыстан-550, қалалық-625 және 2 160-ы аудандық мәслихаттан.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады