- Басты
- Жаңалықтар
- «Ауыл» партиясы Елбасының мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасын қолдайды
«Ауыл» партиясы Елбасының мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасын қолдайды
«Біз, «Ауыл» партиясының мүшелері, халық қалаулыларының мерзімінен бұрын Мәжіліс сайлауы мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын өткізу бастамасын қолдаймыз. Алға қойған мақсат-міндеттерді сәтті жүзеге асыру үшін ертеңгі күнге сенімді болуымыз қажет. Дағдарыстан шығуға бағытталған барлық жұмыстарымызды нақты жүргізу үшін бізге халықтың жаңа сенім мандаты керек», - деді Әли Бектаев.
Бүгінде Қазақстан астық, дәнді-дақылдар, сүт-ет өнімдерінің, балық және басқа да азық-түлік түрлерінің ірі экспорттаушысына айналды. Десе де, жаһандық экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны қарсаңында біз өз болашағымызға, күшімізге сенімді болуымыз керек.
«Сондықтан еліміздің алдында Президент ұсынған 5 институттық реформаны сәтті жүзеге асыру арқылы әлемдік дағдарыстың салдарын жеңілдету міндеті тұр. Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын мерзімінен бұрын өткізу арқылы біз халық қалаулысы болуға ең лайықты, білікті, Қазақстанның нағыз жанашыр патриоттарын іріктей аламыз. Сонымен қатар, бұл – мемлекет құрылысының жаңа кезеңінде жаңадан жасақталған Парламентте өз қарым-қабілетін көрсету үшін өзге де партияларға беріліп отырған зор мүмкіндік», - деді ол.
«Осы орайда ауыл жұртының, қарапайым шаруалар мен ауылшаруашылық тауар өндіруші кәсіпкерлердің партиясы ретінде Парламент депутаттарының дер кезінде көтерген бастамасын қолдаймыз және оған қатысты оң шешім қабылдаған Елбасына зор алғыс айтқымыз келеді», - деді ол.
Айта кетейік, «Ауыл» партиясы 15 жыл бұрын құрылды. 2015 жылдың 5 қыркүйегінде партияның кезектен тыс съезі өтті, онда екі партия «Ауыл» партиясы мен Қазақстанның патриоттар партиясы бірікті. Қазір партия «Ауыл» деп аталады.
Суретке түсірген Бауыржана Жуасбаев
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Ауыл әкімдерін сайлау қалай өтіп жатыр -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды -
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Сайлау-2021: Ауыл әкімін сайлауды ұйымдастыру, кандидаттарды тіркеу және өту барысы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
Әкімдерді тікелей сайлау: Талаптары мен ерекшеліктері -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы