- Басты
- Жаңалықтар
- Тұңғыш рет қазақстандық кадеттерді оқыту әдістемесі АҚШ Қарулы Күштері сержанттарымен пысықталды (ФОТО)
Тұңғыш рет қазақстандық кадеттерді оқыту әдістемесі АҚШ Қарулы Күштері сержанттарымен пысықталды (ФОТО)
Аталған семинар Қарулы Күштерде алғаш рет өткізіліп отыр. Алда осындай іс-шараларды өткізу кезінде зерделеу мен тәжірибе алмасу үшін ықпалдастықты кеңейту жоспарлануда. АҚШ ҚК Құрлық әскерлерінің сержант-майорлар академиясының сержант-нұсқаушылары жеке құрамды оқыту әдістемесі бойынша оқытушы және сержанттар құрамымен және негізгі нұсқау беруші құраммен сабақ өткізді.
Семинарда Кадет корпусының 25 оқытушысы мен сержанты сабақты даярлау, топпен жұмыс істеу, жоспар-конспектіні әзірлеу, өз бетінше жұмыс жасау және дәріс алушыларды бағалауды ұйымдастыру әдістемелерін пысықтады. Естеріңізге сала кетсек, Ш.Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы ҚР Қарулы Күштерінің сержанттар құрамы лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген кіші командалық құрамға бастапқы әскери білім бағдарламасы бойынша даярлықты жүзеге асырады. 2015 жылы оқуды ең көп сержант, яғни 214 адам тәмамдады.
Барлық кезеңде «Әскери басқару» мамандығы бойынша 2 224 сержант бітіріп шықты. Олардың ішінде оқуды 2012 жылы – 206, 2013 жылы – 206, және 2014 жылы – 181 сержант аяқтады. Жыл сайын Қазақстанның армиясы кәсіби келісімшарт әскери қызметшілерімен толығатынын айта кеткен жөн. ҚР ҚК сержанттар мен сарбаздар лауазымдарының жасақталуы қазіргі уақытта штаттық санның 71 % тұрақталды. 2015 жылы әскери қызметке келісімшарт бойынша қабылданған әскерилердің сапасы артты. Сержанттарды іріктеу жүйесін жетілдіру, моральдық-психологиялық, кәсіби сапа мен денсаулық жағдайын жақсарту, сондай-ақ наркотестілеуді ерекше назарға алудың арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілді.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары