• Басты
  • Қазақстан мен Словакия құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қойды (ФОТО)
22 Қаңтар, 2016 10:46

Қазақстан мен Словакия құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қойды (ФОТО)

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словак Республикасының Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан мен Словакия құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қойды (ФОТО) | Strategy2050.kz

Осы құжатқа қол қою екі ел арасындағы шарт-құқықтық базаны кеңейтіп, мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігі мүддесіндегі ақпарат алмасуды жандандыруға мүмкіндік береді.

Қол қою рәсімінен кейінгі кездесу барысында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Словак Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Петер Юза қазақ-словак ынтымақтастығының жағдайы мен оның дамуының өзекті мәселелерін талқылады.

Тараптар арада қалыптасқан достық байланыстарды одан әрі нығайта түсуге өзара қызығушылықтарын тағы да қуаттады.

Қазақстан Словакияны Орталық-Шығыс Еуропа аймағында және жалпы Еуропалық Одақта өзінің сенімді саяси және экономикалық тұрақты әріптесі, сондай-ақ достас мемлекет ретінде таниды.

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды