ТЖМ-де қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға дайындық жағдайы талқыланды

12 Қараша, 2013 10:20
Кеше, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде «Қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға дайындық» атты брифинг өтті.Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петров спикер болып сөз сөйледі, ол біздің елдің барлық климаттық аймақтарында өткен жылғы қыс мезгілі қатты болғанын атап өтті, деп ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

 

2012-2013 жылдарғы қыс мезгілінде құтқарушылар қар борасынынан 9581 адам мен 3457 бірлік техниканы құтқарды және эвакуациялады. Тек 2013 жылғы 7-10 наурыз аралығында ТЖМ аумақтық органдардың кезекші-диспетчерлік қызметтері телефондарына қар борасынында қалған азаматтарға көмек көрсету туралы 80 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Құтқарушы бөлімшелер 152 рет іздеу-құтқару жұмыстарына шықты, бұл ретте 3316 адам мен 1418 бірлік техника құтқарылды және эвакуацияланды.Еліміздің барлық өңірінде жылыту маусымы басталғанға дейін өрт қауіпсіздігі айлығы өтті, оның аясында қызметкерлер 645 мыңнан астам жеке тұрғын үйді аралады, 1 млн. 250 мың 869 азаматтың қатысуымен нұсқаулық жүргізілді.  Осылайша мекенжай-түсіндіру жұмысында 40% жеке сектор қамтылды.  Ішкі істер органдарымен бірге әлеуметтік қауіп-қатер тобының азаматтары тұратын орындар бойынша 3994 рейд жүргізілді. 1728 әртүрлі типтегі үгіт-насихат материалдары әзірленді, олар біздің азаматтар арасында таратылды», - хабарламада нақтыланған.

Халық үшін қыс мезгілінде аса маңызды мәселелердің бірі төтенше жағдайлар мен табиғи аномалиялар туралы уақытылы хабардар ету және ақпараттандыру. Осы міндетті іске асыру үшін осы жылы заманауи шындыққа сәйкес технология пайдаланылатын болады. Осылайша осы жылғы тамызда Министрлік пен Қазақстан Республикасының «Кселл» АҚ, «АЛТЕЛ» АҚ, «МОБАЙЛ ТЕЛЕКОМ-СЕРВИС» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС ұялы байланыс операторлары халықты SMS – хабарлама тарату арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы туралы хабардар етуді ұйымдастыру туралы бірыңғай келісімге қол қойды.  Аталмыш келісім республиканың барлық аумағында жұмыс істейді.

ТЖМ аумақтық органдардың жедел кезекшілері  SMS – хабарлама таратуға команда береді, ол азаматтарды ауа-райына байланысты төтенше жағдайлар туралы уақытылы хабардар етуге, сондай-ақ оларды қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекеттер туралы ақпараттандыруға мүмкіндік береді.  Жылыту маусымын авариясыз өткізу ерекше бақылауда тұр. Осы мақсатта бақылауда тұрған жылу энергетикасы объектілеріндегі қазандықтарды жөндеу кестесінің орындалу барысына мониторинг жүргізіледі.

 ««Қазгидромет» РМК-мен өзара іс-әрекет пысықталды, ол қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар болжамы, сондай-ақ қар көшкінінің жылжу қаупі туралы ақпарат береді,  оның негізінде көшкіндерді мәжбүрлеп түсіру, сондай-ақ көшкін қауіпті бағыттардағы жолдарды жабу бойынша алдын алу шаралары ұйымдастырылатын болады», - деп хабарламада нақтыланған.

 

 

Барлық жаңалықтар