- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі мен Дүниежүзілік банк басшысы Қазақстанда ХҚҚДБ кеңселерін ашу туралы Келісімге қол қойды
ҚР Премьер-Министрі мен Дүниежүзілік банк басшысы Қазақстанда ХҚҚДБ кеңселерін ашу туралы Келісімге қол қойды
Давостағы (Швейцария) Дүниежүзілік Экономикалық форум аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Дүниежүзілік Банк Президенті Джин Кимнің кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік банкпен әрі қарай ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады және ҚР Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында ҚР-да кеңсе ашу және олардың қызметі туралы Келісімге қол қойды (Құрылтай келісімі).
Жаңа Құрылтай келісіміне қол қою Қазақстан мен Дүниежүзілік Банк арасында ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға және 2014 жылғы мамырда тұрақты даму мен инклюзивті өсудегі бірлескен күш-жігерді қолдау үшін қол қойылған серіктестік жөніндегі Шектелмелі келісімді толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Дүниежүзілік Банк Тобына 1992 жылы қосылды. ҚР-ның Тәуелсіздік жылдарында Дүниежүзілік банк 7,9 миллиард АҚШ доллары сомасына 45 жобаға инвестиция салды. Бүгін Қазақстандағы Дүниежүзілік Банк бағдарламасы білім беру, денсаулық сақтау, инновациялар, сондай-ақ көліктік инфрақұрылым мен қоршаған ортаны қорғау салаларындағы институционалдық дамуға шоғырланған.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері