Қорғаныс министрлігінде қаржыгерлердің жиыны болып өтті

12 Қараша, 2013 09:26
ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қаржы қызметкерлерінің жиыны болып өтті, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Бюджетті жоспарлау, ағымдағы жылға бөлінген қаражатты игеру, әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшуді талдау, күнделікті жұмыстағы кемшіліктерді талқылау, 2013 жыл үшін Қарулы Күштер қаржылық қызметтері жұмысының қорытындысын шығару, сондай-ақ 2014 жылға міндеттер қою жиынның негізгі тақырыптарына айналды», - деп хабарламада нақтыланған.  

Осылайша 2014 жылға арналған Қорғаныс министрлігі бюджетінің жобасы 2013 жылмен салыстырғанда 43 млрд теңгеге өсумен 376,9 млрд теңгені құрайды, жалпы алғанда шығыстар сапалық параметрлерді жоғарылатуға және әскерлердің жауынгерлік мүмкіндіктерін күшейтуге бағытталған, соның ішінде:

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары 2013 жылдан бастап егемен Қазақстанның тарихында тұңғыш рет әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы ҚР Заңында көзделген мақсатты өтемақыларды төлеу бағдарламасы іске асырылып келе жатқандығын атап өтті.

Барлық жаңалықтар