• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н. Назарбаев пен В. Путин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық туралы келісім шартқа қол қойды

Н. Назарбаев пен В. Путин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық туралы келісім шартқа қол қойды

11 Қараша, 2013 21:45
Қазақстан Президенті Н. Назарбаев пен Ресей Президенті В. Путин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық туралы келісім шартқа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 «Келісім шарт екі жақты ынтымақтастықтың барлық бағыттарын қарастырады»,- деп хабарламада нақтыланған.

Форум қорытындысы бойынша мемлекетаралық  серіктестікті  тереңдетуге бағытталған бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды:

– Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық туралы шарт;

– Қазақстан мен Ресейдің «РОСТ-ӨРЛЕУ» өнеркәсіп колледждері қауымдастығын құру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім;

–  Қазақстан Республикасының аумағы арқылы мұнай тасымалдаудың алдын ала шарты және кепілдігі;

– Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Ресей Федерациясы Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасындағы өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

–  Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 2013-2014 жылдарға арналған өнеркәсіп кооперациясын жандандыру жөніндегі жол картасы;

–  Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Имашев кен орнының газ конденсатын игерудегі ынтымақтастық туралы келісімге хаттама;

– Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Шекара маңы аумақтарында орман және дала өрттерінің алдын алу мен сөндіру жөніндегі келісім.

 «Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының келесі XI форумы 2014 жылы Атырауда өтед», - деп хабарламада нақтыланған.       

Барлық жаңалықтар