- Басты
- Жаңалықтар
- Мәслихаттар маңызды рөл атқарады
Мәслихаттар маңызды рөл атқарады
«Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Бесінші шақырылған парламент Мәжілісін тарату туралы тиісті Жарлыққа қол қойды. Оған сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызда өтеді», - деді Қ.Тұрғанқұлов.
Оның айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 21 наурызда өткізіледі. Сонымен қатар, ОСК ҚР мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы қаулы қабылдады. Мәслихат депутаттарының сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға белгіленді, деп хабарлады бүгін BNews.kz.
«Ендігі кезекте біздің комиссияның алдында тұрған басты міндет сайлаудың ашық, еркін және демократия талаптарына, республика конституциясына, ұлттық сайлау заңнамасына әрі халықаралық міндеттемелерге сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету», - деп толықтырды Қуандық Тұрғанқұлов ОКҚ-да.
Естеріңізге салып өтсек, 13 қаңтар күні депутаттар Елбасына үндеу жолдап, Мәжіліс сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді сұраған болатын. Мәжілісмендердің бұл бастамасы Қазақстан азаматтары арасында кеңінен қолдау тапты. 18 қаңтар күні Мемлекет басшысы парламенттің қос палатасының төрағалары және Премьер-министр Кәрім Мәсімовпен консультация өткізді.
Конституцияның 63-бабының 1-тармағына сәйкес, парламентті немесе парламент Мәжілісін Қазақстан Президенті парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-министрмен консультациядан кейін тарата алады. Сайлау парламент өкілеттігін мерзімінен бұрын доғарған күннен кейін екі ай ішінде өткізіледі.
«Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі Мәслихат сайлауына мемлекеттік бюджеттен 7 миллиард 985 миллион 300 мың теңге керек. Жалпы Мәжіліс депутаттары мен мәслихаттар депутаттарын сайлауды қоса өткізу қазіргі экономикалық жағдайда объективті негізделген шешім деп санаймыз. Бұл сайлау науқандарын өткізуге бөлінген бюджет қаражатын едеуір үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал бұл шамамен 4,8 миллиард теңге көлемінде болмақ», - дейді Қ.Тұрғанқұлов.
«Сайлауға қатысатын саяси партиялардың насихаттау жұмыстарына қаржы мемлекеттік бюджеттен бөлінбейді. Саяси партиялар өздерінің сайлау қорын құрады. Олар екі көзден құрылуы мүмкін. Бұл жеке партияның жеке қаржысы немесе азаматтардың өз еркімен берген қаржысы. Жалпы сомасы 342 млн 800 мың теңгені құрайды», - деді Қ.Тұрғанқұлов.
Айта кетейік, сайлау науқаны аясында барлығы 107 Мәжіліс депутаты сайланбақ. Оның 98-і партиялық тізім бойынша сайланса, 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланады. Жергілікті билік органдарына 3 335 барлық деңгейдегі мәслихат депутаты сайланбақ, оның 550-і облыстық, 625-і қалалық және 2160-ы аудандық мәслихаттарға сайланады.
Кез-келген сайлау- маңызды саяси үдеріс болып келеді. Біздің құрамға жаңа адамдар, жаңа идея мен жаңа ұсыныстар келеді деген сенімдеміз, деп Петропавл қ. Мәслихат депутаты Павел Афанасьев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
«Біздің қоғамдық-саяси өмірімізде мәслихаттың рөлі арта түсуде. Ендігі күні мәслихат жанында қоғамдық кеңестер пайда болды. Біздің қоғамға 15-тен астам адам кірді. Бізге көбіне әкімшілік өкілдері хабарласады. Жергілікті полиция құрып,құқық қорғау органдарының жұмыс барысын бақылай аламыз. Өз басым, қаржы полициясында тіркелгенмін. Біздің тәжірибеде бұрын соңды мұндай болған жоқ. Кез-келген сайлау- маңызды саяси үдеріс болып келеді. Біздің құрамға жаңа адамдар, жаңа идеялар мен жаңа ұсыныстар келеді деген сенімдеміз»,-деді П. Афанасьев.
Есетріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы ҚР Парламент Мәжілісінде және барлық деңгейлі мәслихатта мерзімінен бұрын болатын сайлауды 2016 жылы 20 наурызда өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
Данияр Қасымов
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
Л.Рамазанова: Жаһандық дағдарысты еңсеруде, экономиканы ілгерлетуде әйелдер маңызды рөл атқарады -
АХҚО-ның Қазақстан экономикасына инвестиция тартудағы рөлі -
Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес сектордың рөлі -
Дін көшбасшыларының тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі қандай -
2021 жылы қандай маңызды спорттық ойындар өтеді -
Қоғамдық бақылау мен азаматтық бақылауды күшейту маңызды – Алик Шпекбаев -
Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды -
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды