- Басты
- Жаңалықтар
- Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы X форумының қорытындысы бойынша баспасөз үшін бірлескен брифинг өткізді
Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы X форумының қорытындысы бойынша баспасөз үшін бірлескен брифинг өткізді
«Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинге және ресейлік делегацияға қонақжайлығы үшін ризашылық білдірді», - деп хабарламада нақтыланған.
«Бұдан он жыл бұрын біз бұл форумға бастамашы болған едік. Осы жылдар ішінде ол оң бағасын алып, біздің екі елдің ынтымақтастығының маңызды факторына айналды. Қазақстан мен Ресей адамдардың, кәсіпорындардың, экономиканың өзара байланысы сақталуы үшін посткеңестік кеңістікте, сірә, барлығынан да көп жұмыс жасаған болу керек. Біз көршіміз, ал көршіні таңдамайды. Біздің бабаларымыз осылай тіршілік етті, біз де солай тіршілік жасаудамыз және біздің ұрпақтарымыз да осылай өмір сүретін болады. Қарым-қатынасымызды жақсартуға жұмыс істеу маңызды. Ол – болашақ ұрпақтың өмірінің іргетасы», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті өңіраралық ынтымақтастықтың оныншы форумы тақырыбының өзектілігін, оның өңірлік интеграцияны тереңдетудің, әлемдік нарықта екі ел өнімдерін бірлесіп ілгерілетудің маңыздылығының белгісі екенін атап өтті.
«Дүниежүзілік сауда ұйымына кіре отырып, құрылған Кеден одағының аясындағы бәсекелестік күресте алдын ала шыңдалып шығу өте маңызды. Ол осы екі жыл ішінде өзінің тиімділігін көрсетті», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы алға қойылған міндетті шешудің жүйелі даму үстіндегі Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті жеңілдете түсетінін айтты. Бұл интеграциялық бірлестіктер екіжақты қарым-қатынастардың дамуына берік негіз болады.
Мемлекет басшысы форум жұмысын қысқаша қорыта келіп, Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының кең ауқымды мәселелерін талқылау нәтижелі болғанына тоқталды.
«Екатеринбургтегі форум өте табысты өтті. Оның нәтижелері саудадағы өзара қарым-қатынасымыз, экономикалық ынтымақтастығымыз нығая түсуіне ықпал ететін болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы қол жеткен уағдаластықтардың стратегиялық серіктестікке жаңаша қарқын беріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүмкіндік беретінін атап көрсетті.
Форумның тарихи оқиғасы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 21 ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық туралы шартқа қол қойылуы болды. Құжат Қазақстан мен Ресейдің екіжақты ынтымақтастығының барлық негізгі бағыттарын айқындап берді. Онда қазіргі заманғы жаңа сын-қатерлер ескеріле отырып, анағұрлым тығыз өзара ықпалдастық бедерлері көрініс тапты.
Өз сөзінде Ресей Президенті мерейтойлық форум іскерлік, сындарлы ауанда өткеніне тоқталды.
« Қазақстан Президентімен әңгімелесу барысында, одан соң пленарлық отырыс кезінде біздің көпжоспарлы серіктестігіміздің ең өзекті мәселелері талқыланды. Өңіраралық ынтымақтастық форумдары 2003 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және екіжақты практикалық кооперацияны дамытуда маңызды рөл атқарады. Мұнда өңірлердің транзит-көлік әлеуетін дамыту, энергетика саласындағы, орнықты экономикалық даму мен жоғары технологиялар саласындағы өзара ықпалдастықты нығайту тәрізді маңызды мәселелер қаралады», – деді Владимир Путин.
Ресей Президенті экономикалық өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынына тоқтала келе, биылғы жылдың тек 9 айында ғана екі ел арасындағы тауар айналымы 15 %-ға өсіп, 18 миллиард долларға жеткенін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды