Үш жылдық бюджеттің нақты ұғымын көре алмай отырмыз – Г.Қарағұсова

11 Қараша, 2013 18:50
Біз өзіміз ойлағандай үш жылдық бюджетті көре алмай отырмыз, деп мәлімдеді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжана Қарағұсова.

«Үш жылдық бюджет ведомстволардың жұмысын әлсіретпейді. Керісінше түрлендіруге мүмкіндік береді. Экономика дегеніңіз объективті нәрсе және ол бағдарлама әкімшіліктеріне тәуелді. Кейде аяқ-асты нәрселер де болады. Бұл өз кезегінде бағдарламаны тоқтатпау керек», - деді депутат.

Біз үшжылдық бюджетті көргіміз келгендегідей, әлі байқап отырған жоқпыз. Себебі, біз оны жыл сайын растап отырамыз», - деді ол.

«Келер жылдың бюджеті келген кезде пішіндер индикатты пішіндерге сәйкес келмейді. Бұл орайда бюджеттік заңнаманы жетілдіру қажет», - деді Г. Қарағұсова.

 

 

Барлық жаңалықтар