- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заң жобасын қабылдады
Сенат бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы заң жобасын қабылдады
«Аталған құжатты Сенат екі оқылымда талқылап, бірқатар түзетулер енгізілгендіктен Мәжіліске қайтарған болатын. Алайда, төменгі палатаның қызметі тоқтатылып, Мәжіліс тарқағандықтан құжатты Сенат қайтадан сұратып алынған.Конституцияға сәйкес, Мәжіліс уақытша болмаған кезеңде Парламенттің заң қабылдау қызметін Сенаттың өзі атқара береді. Осыған орай, жалпы отырыста жоғары палата аталған құқықты пайдаланып, заң жобасын талқылаған болатын», - деді Парламент Сенатының депутаты Дулат Құстаулетов
Жалпы айтқанда, аталмыш заң негізінен спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа да іс-шараларын ұйымдастыруға, өткізуге байланысты құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталады. Мәселен, ондай шараларды өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыру комитеттерін құратын болады. Олар шараларды өткізуге тартылған ұйымдардың қызметін үйлестіреді. Жеке тұлғалардың мәдениет, дене шынықтыру, спорт саласындағы құқықтары мен міндеттері айқындалып, олардың шараларға баруы кезіндегі тыйым салулары мен шектеулері кеңейтіледі. Осыған байланысты жеке тұлғаларға аталған шаралардағы мінез-құлықтың, жүріс-тұрыс қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық енгізіледі.
Анар Тәңірқұлова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары