Г. Қарағұсова: Әрбір министрлік елдегі оқиғалардан хабардар болуы тиіс

11 Қараша, 2013 18:30
Әрбір министрлік елде болып жатқан оқиғалардан хабардар болуы тиіс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжана Қарағұсова мәлімдеді.

Айта кетерлігі, «Демократия институты»  ғылыми-зерттеу қауымдастығы» қоғамдық ұйымының директоры Юлия Кучинскаяның айтуынша, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 94 пайызы жекелеген мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржының игерілмеуі туралы Мемлекет басшысының сын-ескертпелерін қолдап отыр.

«Үкімет – ол бірыңғай орган. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өзге министрліктерден бөлек жұмыс істей алмайды. Сондықтан әрбір министрлік елде болып жатқан оқиғалардан құлақдар болуы тиіс. Әрине, жаңа бюджеттік саясатта әрбір қызметтің соңғы нәтижесі шығарылып тиімді жолдар қарастырылады», - деді депутат.

 

Барлық жаңалықтар