- Басты
- Жаңалықтар
- Түлек кадеттер ҚР ҚК-нің әскерлерінде практикалық тәжірибе жинақтауда
Түлек кадеттер ҚР ҚК-нің әскерлерінде практикалық тәжірибе жинақтауда
Кадеттер мотоатқыш және десанттық-шабылдау бөлімшелері, теңіз жаяу әскері бөлімшелері, танк командирлері лауазымдарында тағылымдамадан өтуде. Әскерге келісімен әскери ортаға бейімделу мақсатында кадеттермен оқу-әдістемелік жиындар өткізілді. Олардан атыс және дене даярлығы бойынша сынақ қабылданды, кадеттер жеке құраммен өзіндік жұмыс жасауда рұқсатнама алды, тағылымдамадан өтушілерге анағұрлым тәжірибелі сержанттар санынан тәлімгерлер бекітілді.
Әскери тағылымдама барысында кадеттер жеке құрамды басқаруда, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды, бөлімшелер мен взводтардың жауынгерлік оқ атуларын өткізуде, ұрысты тексеруде және атыс қаруын қалыпты ұрысқа келтіруде практикалық дағды алады. 200-ге жуық кадет лауазымдық міндеттерді өздігінен орындауда практикалық машық жинақтауда, бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін ұстап тұруда, жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыруда, далалық дағдыда, жауынгерлік және арнайы дайындық бойынша сабақтарды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуде шеберліктері мен практикалық дағдыларын жетілдіреді.
Олар әскери техника мен қару-жарақты пайдалану, жөндеу және баптап күту жөніндегі дағдыларын жинақтап, шыңдайды. ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының түлектері үшін бұл жаңа практикалық тәжірибе және ҚР ҚК әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде нағыз әскери қызметті көрудің алғашқы мүмкіндігі екенін естеріңізге сала кетейік. Жарты жылдан соң олардың әрқайсысы өз қызметін бастайды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
Жұмыспен қамту шаралары: «Еңбек» және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы қалай іске асып жатыр