- Басты
- Жаңалықтар
- Р.Ким: Мемлекет басшысының реформасын тәжірибелік түрде іске асыру үшін Мәжілістің жаңа құрамы керек
Р.Ким: Мемлекет басшысының реформасын тәжірибелік түрде іске асыру үшін Мәжілістің жаңа құрамы керек
«Мәжілістің үш фракциясы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттарда мерзімінен бұрын сайлауды өткізу туралы өз ұсыныстарын білдірген кезде Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттары бұл бастауды қолдадық. Менің ойымша, дәл бүгін, жыл басында Мәжілісте сайлау өткізу дұрыс шешім»,-деді ол.
Заң шығарушылық кезінде қатысушы болғаннан кейін, депутаттың айтуы бойынша үлкен көлемді жұмыстар жасалып, 5 институционалды реформаны іске асыру мақсатында сенімді нормативтік-құқықтық негіз құрып, жаңа зандар шықты.
«Егер бүгінгі Парламент құрамы үлкен көлемді реформалық бағдарламамен жұмыс істесе, дұрыс шешім болмас еді. Өйткені уақыт келе депутаттың құрамы сайлау арқылы өзгеретін болады. Бұндай жағдай жұмыс кезінде бөгетке әкеледі, бұрынғы құрам жұмысты бастап, жаңа құрамға жалғастыру керек болады. Сондай-ақ, жыл басында жаңа үдерістер, өзгерістер, реформалар басталады. Ал біздің паралментке қайта жүктеу мен жаңару керек. Біз негізді қаладық. Ал реформаның тәжірибелік іске асу жұмыстары жаңа құрамға беріліп, жаңа көзқарас пен жаңа идеяда жұмыс атқарылуы керек. Және бұл дұрыс болар еді»,- деді депутат.
Сондай-ақ, Р.Ким сөз барысында әлемде дағдарыс пен тұрақсыздық орын алып жатқандығын айтып өтті. Және бұл жағдай Қазақстанға да бір шетін тигізуі мүмкін екендігін тағы айтты.
«Бұндай кезеңде қоғамды топтастырып, идеяларды біріктіріп, ортақ мақсат пен тапсырма қоя білу керек. Ал сайлау процесі осындай кезде қуатты біріктіруші фактор болып келеді. Осылайша нақты қойылған мақсаттарға, яғни олар Президенттің «Ұлт жоспары-қазақстандық арманға бастар жол» атты мақаласы, Елбасының халыққа жолдауы, «Нұрлы жол» бағдарламасы, 5 инстетуционалды реформаны дамыту істері жүзеге асады»,-деді ол.
Сондай-ақ ддепутат экономиканы маңызды кезеңге қойды.
Индира Қауметова
Сурет koreilbo.com/ru сайтынан алынды
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады