В.Агаев: Мерзімінен бұрын сайлау өткізу қазақстандықтарды біріктіреді

20 Қаңтар, 2016 13:16
Қазір бюджеттік қаржыны үнемдеу қажет. Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу айтарлықтай қаржыны үнемдейді. Бұл туралы Strategy2050 АА берген сұхбатында «Хазар» этномәдени орталығының төрағасы Видам Агаев.

«Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттарының сайлауын өткізу қазақстандықтардың бірігуіне жол ашады. Біздің бірлігіміз – біздің басты құндылығымыз. Бұл туралы Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы  үнемі айтады. Бұл экономикалық мәселе болып табылады. Бүгінде барлық әлем елдері экономикалық  проблемаға душар болып отыр. Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттың сайлауын өткізу  қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді», - деді қоғам қайраткері.

Естеріңізге сала кетейік,  13 қаңтар күні Парламенттің төмеңгі палата депутаттары ҚР Президентіне Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихатта мерзімнен бұрын сайлау өткізу туралы ұсыныстарын білдірді.

Данияр Қасымов

Сурет жеке мұрағаттан алынды 

Барлық жаңалықтар