- Басты
- Жаңалықтар
- Мәслихат депутаттары аудандық жергілікті полиция қызметінің бастықтарын бекітті
Мәслихат депутаттары аудандық жергілікті полиция қызметінің бастықтарын бекітті
«Есіл» ауданының жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына 1995 жылдан бері құқық қорғау органдары жүйесінде жұмыс істейтін және қазіргі кезде Әкімшілік полиция басқармасы бөлімінің басшысы қызметін атқарып жүрген подполковник Серік Әбуталиповтың кандидатурасы қалалық мәслихаттың келісуіне ұсынылды.
«Алматы» ауданының жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына подполковник Алмас Жапаровтың кандидатурасы ұсынылды. А. Жапаров құқық қорғау органдарында 1999 жылдан бері істейді, бұған дейін Әкімшілік полиция басқармасы бөлімдерінің бірін басқарған.
Бұған дейін ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы болып істеген және құқық қорғау органдарында 2005 жылдан бері қызмет етіп жүрген майор Азамат Садықовтың кандидатурасы «Сарыарқа» ауданының жергілікті полиция қызметінің басшысы лауазымына ұсынылды.
Мәслихат депутаттары Астана қаласының Ішкі істер департаменті «Алматы», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандарының ішкі істер басқармаларының жергілікті полиция қызметтерінің басшылары қызметіне ұсынылған кандидатураларды бірауыздан қолдады.
Сонымен қатар, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Молдаш депутаттарды тиісті мемлекеттік мекеме туралы Ережемен таныстырып өтті. Сессия барысында Астана қаласының әкімдігі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына өзгерістер енгізілді.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Жамалбек Шәріпбек: Түркістанның жаңа статусы жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Полиция қызметкері жүргізуші куәлігін көрсетуді талап етсе не істеу керек -
ҚР ІІМ: Апта ішіндегі қылмыстар, «сервистік полиция» моделі және киберқылмыс -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев -
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады -
Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды