• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Сыздықов: Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат депутаттарының сайлауын үндестіру елдің бюджет қаражатын үнемдейді

С.Сыздықов: Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат депутаттарының сайлауын үндестіру елдің бюджет қаражатын үнемдейді

20 Қаңтар, 2016 13:08
Парламент депутаттары мен мәслихат депутаттарының біріккен сайлауы бюджет қаражатын үнемдеп, вертикальді синхронды іс-шараларды қамтамасыз етеді. Бұл жөнінде Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы Сатай Сыздықов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.

«Мерзімінен бұрын өткізілетін сайлауды құптаймын. ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының фракциясы бұл бастаманы талқыға салып, өздерінің келісімін бес иниституционалды реформаны жүзеге асыру мақсатында берді. Менің ойымша, бұл өз уақытымен қойылған сұрақ. Өйткені бүгінгі Парламент Мәжілісі Ұлт Жоспарын іске асыру үшін іргетас қалап өз жұмыстарын атқарып шықты»,-деді сарапшы.

«Елімізге кең қоғамдық шоғырландыру қажет.Бірлік мен келісілген іс-әрекеттер жаңа экономикалық сілкіністерге қолдау береді. Біріншіден, бюджет қаражаты үнемделеді. Екіншіден, бір мезгілде вертикалды іс-шаралар жүзеге асады»,-деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар