Н. Дулатбеков: Заңнамалық органдарға жаңа идеялы адамдар қажет

20 Қаңтар, 2016 12:53
Қазақстанның бірлігін көрсету үшін заңнамалық органдарға жаңа идеялы адамдар келуі қажет. Бұл туралы Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Дулатбеков Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтты.

«Өздеріңіз білетіндей, қазақстандық қоғамда бір апта бойы Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу бастамасы талқыланып жатыр. Депутаттардың үндеуі күрделі экономикалық жағдайда заңнамалық органды жаңарту қажеттілігі қажет болып отыр. Қазір саясаткерлер мен әлеуметтанушылар, сарапшылар Парламентті жаңарту қажеттігін айтуда. Ол ҚР Президенті Н.Назарбаев алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға  қажет», - деді ол.

Оның айтуынша, заңнамалық органдарға Қазақстанның бірлігін көрсету үшін   жаңа идеялы адамдар келуі қажет.

«Мен бұл идеяны толық қолдаймын. Республика қауымы бұл бастаманы қолдайды деп ойлаймын», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыру мақсатында 13 қаңтар күні Парламенттің төменгі палата депутаттары ҚР Президентіне Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихатта мерзімнен бұрын сайлау өткізу туралы бастамасын ұсынды.

Индира Кауметова

Фото: publicpolicy.kz

Барлық жаңалықтар