- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада инновациялық экономика мәселесі талқыланыды
Астанада инновациялық экономика мәселесі талқыланыды
«Семинарға мемлекеттік орган жетекшілері, Парламент депутаттары, даму институты, ЖОО, ғылыми ұйымдар, Дүниежүзілік Банк пен өзге де халықаралық ұйым өкілдері қатысты. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев сөз сөйледі», - делінген хабарламада.
Дүниежүзілік Банктен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз есебінен жасалған келісім бойынша жүзеге асырылған «технологияны коммерциализациялау» жобасының аралық нәтижесі таныстырылды.
«Қазіргі таңда төмендегі бағыттар бойынша 21 жоба қолға алынуда: биотехнология, нанотехнология, көмірсутегі секторы, құрылыс материалдары. Трек мембранасы негізінде фильтр өндірісі бойынша жас ғылыми қызметкерлер тобы Ядролық физика институтының жұмысы барысында трек мембрандарын сатуға мүмкіндік алды, дәрі-дәрмектің жеке мөлшерінің жедел фармакогенетикалық тестін дайындау тобы Ұлттық Кардиологиялық Орталық үшін медикаменттердің ұтымды мөлшерін анықтау қызметі тендерін жеңіп алды, тәжірибелік-өндірістік процестер үшін көміртекті наностуртураланған тәжірибелік-өндірістік материалдар өндіру тобы қазірдің өзінде жылына 200 тонна қуаттылыққа ие тәжірибелік-өндірістік қондырғыларға ие. Бүгінде «ҚазФосфат» зауытына сынақ ретінде шикізат сату жоспарланып отыр», - деп мәлімдейді баспасөз қызметі.
Сәтті іске асырылған жоба ретінде нано-фильтр өндірісі, дәрі-дәрмектің жеке мөлшерінің жедел фармакогенетикалық тестін дайындау жобалары аталды.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев айтпақшы, Қазақстан үшін технологияны коммерцияландырудың өзіндік моделін жетілдіру керек. Соның ішінде старт-ап компаниялар құру, инновациялық жобалар дайындау, сонымен қатар өзіміздің ерекшеліктерімізді ескере отырып әлемдік тәжірибе негізінде осы салада заңнаманы жетілдіру керек.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру