Си Цзиньпин Н.Назарбаевты «Үлкен жиырмалық» саммитiне қатысуға шақырды

20 Қаңтар, 2016 11:58
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Н.Назарбаевты G-20 саммитiне қатысуға шақырды. Бұл туралы Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Чжан Ханьхуэй «Жiбек жолы экономикалық белдеуiне» арналған конференция барысында мәлiмдедi.

«Өткен жылы Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы жаңа сапалы деңгейге шықты. Бiздiң президенттер тығыз әріптестік орнатты. Қазақстан премьер-министрi Қытайда ресми сапармен екi рет болып қайтты. Биылғы жылы да ынтымақтастық деңгейiн осындай жоғары деңгейге жеткiземiз деп ойлаймын. Биыл Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға iссапары жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы қыркүйек айында өтетiн «Үлкен жиырмалық» саммитiне қатысады деп жоспарланып отыр», - дедi елшi өз сөзiнде.

Айта кетейік, «Үлкен жиырмалық» ағымдағы жылдың 4-5 қыркүйегінде қыталық Ханчжоу қаласында өтеді. 

Барлық жаңалықтар