- Басты
- Жаңалықтар
- П.Токарь: Мерзімінен бұрын өткізілетін сайлау Қазақстанның ұзақмерзімді даму тұжырымдамасын іске асыруға ықпал етеді
П.Токарь: Мерзімінен бұрын өткізілетін сайлау Қазақстанның ұзақмерзімді даму тұжырымдамасын іске асыруға ықпал етеді
«Басқа елдердің тәжірибесі барлық сайлау-үлкен жаңарту екендігін көрсетеді. Бұндай жағдайда жаңа адамдар, жаңа идея, жаңа пікірталас келеді. Сарапшы ретінде, қазақстандық парламенттің бұл бастамасын қабылдаймын деп айта алам. Бұл идеяның басты мақсаты- өкілі үкімет жүйесіне жаңа толқын беру. Бұл жалпы елдің дамуына жол ашады. Қазақстан өзін тұрақты мемлекет ретінде көрсете білді»,- деді П. Токарь.
Оның айтуы бойынша, біздің елдің стратегиялық даму жоспары ғылыми тұрғыдан негізделген. Басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанда ұзақ мерзімді даму басымдықтары бар деп есептейді сарапшы.
«Өзінің даму жолында, Қазақстан нақты идеологияны қарастырады. Идеология астарында ұзақ мерзімді тұжырымдаманың дамуы жатыр. Бұл «Қазақстан-2030» стратегиясы және «Қазақстан-2050» стратегиясы. Ал ең бастысы Ұлт жоспары «100 нақты қадам». Мен жиі қазақстандық бағдарламаларды оқып тұрамын. Және олардың барлығы әлемде үлкен қызығушылық тудыратынына сенімдімін. мерзімінен бұрын өткізілетін сайлау осыларға ықпал ететін болады»,-деді П. Токарь.
Естеріңізге сала кетейік, 13 қаңтар күні Парламенттің төмеңгі палата депутаттары ҚР Президентіне Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихатта мерзімнен бұрын сайлау өткізу туралы ұсыныстарын білдірді.
Данияр Қасымов
Сурет жеке мұрағаттан алынды
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру