• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс «Байқоңыр» ғарыш айлағында апат болған жағдайда қолданылатын Қазақстан мен РФ арасындағы келісімді мақұлдады

Мәжіліс «Байқоңыр» ғарыш айлағында апат болған жағдайда қолданылатын Қазақстан мен РФ арасындағы келісімді мақұлдады

20 Қаңтар, 2016 11:04
ҚР Парламент Мәжілісі жалпы отырыста « 1999 жылдың 18 қарашасында қол қойылған «Байқоңыр» ғарыш айлағында апат болған жағдайдағы өзара байланыс туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында ғы келісімге енген өзгертулер хаттамасын ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Аталған хаттама 2015 жылдың 2 маусымында Байқоңырда жасалды. Хаттаманың мақсаты – «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру кезінде Қазақстан аумағында апат туындаған жағдайда және оның зардаптарын жою барысында уағдаласушы тараптардың уәкілетті мемлекеттік және басқа органдардың іс-қимылдарын нақтылау.

Нақтырақ айтқанда, 8-бапқа енгізілетін өзгерістер ҚР Ішкі істер министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың құзыретін көздейді. Бұдан бөлек, хаттамада апаттың зардаптарын жою жөніндегі бірлескен штабтың қызметі нақтыланады. Бірлескен штаб орындалатын жұмыстардың көлемі мен мерзімін, тартылатын күштер мен құралдардың құрамын және міндеттерін, өзара іс-қимылдар тәртібін айқындайды және жұмыстардың жүргізілу барысын бақылауды жүзеге асырады.

«Қазақстан мен Ресей тараптарынан құрылған бірлескен штаб басшыларының шешімдерімен бір тәулік ішінде қызметтің тиісті бағыттары бойынша нысаналы жұмыс топтары (іздестіру, апаттың зардаптарын жою жөніндегі, медициналық-санитарлық, ветеринарлық, экологиялық, залалды және апаттың зардаптарын бағалау жөніндегі, тексеру нәтижелерін жинақтап қорыту және үкіметтік комиссиялар есебінің бөлімдерін дайындау жөніндегі жұмыс топтары) құрылады», - деп атап көрсетілген аталған заң жобасы бойынша әзірленген халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысында.

Өз кезегінде, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Тимощенко «Келісімге өзгерістер енгізуге серпін берген 2006 жылдың 27 шілдесінде РС-20 «Днепр» зымыранының апатын зерттеудің қорытындысы».

Ботагөз Айтжанова  

Барлық жаңалықтар