• Басты
  • Жаңалықтар
  • Л.Гончарук: Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарда мерзімінен бұрын сайлау өткізу елдің өркендеуіне үлес қосады

Л.Гончарук: Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттарда мерзімінен бұрын сайлау өткізу елдің өркендеуіне үлес қосады

20 Қаңтар, 2016 11:34
ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихатта болатын мерзімінен бұрын сайлау Қазақстанның гүлденуіне жол ашады, деп Шығыс Қазақстанмен бірлескен Семей қ. Неміс «Возраждение» қауымдастығының төрағасы Strategy2050.kz АА берген сұхатында айтып өтті.

«Мәжілісмендердің Қазақстан Президентіне сайлау туралы айтқан бастамаларын дұрыс деп есептеймін.  Біз Елбасының «Ұлт жоспары- қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласымен таныстық. Ол жерде Мемлекет басшысы нақты бұйрықтар беріп, 2015 жылы халыққа ұсынылған бес иниституционалды реформаны жүзеге асыру жұмыстарын орындау туралы айтылған»,-деді ол.

«ҚР Парламент Мәжілісінің 5 шақырылымындағы депутаттардың жасаған жұмыстары құрметке ие. Қысқа уақыт ішінде және өткен жылдың бірнеше айларында олар барлық күштерін жинап, 50-ден астам заңдар мен кодекстерді қабылдады. Ол өз кезегінде мемлекеттік қызметте баяндалған реформаларды біртіндеп жүзеге асыру үшін қуатты база, құқық қорғау және сот жүйелерін әкелді, және одан әрі бірыңғай ұлт және азаматтық қоғам институттарын дамыту идеясын нығайтты».

«Өткен жылдың көктем айында мерзімінен бұрын Президент сайлауы өткен кезде, осындай жасалған жұмыстардың оң қадамын байқадық»,-деп қорытындылады.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар