• Басты
  • Жаңалықтар
  • С.Романовская: Мерзімінен бұрын сайлауды өткізу- қоғамның ортақ идеяда тоғысуы

С.Романовская: Мерзімінен бұрын сайлауды өткізу- қоғамның ортақ идеяда тоғысуы

20 Қаңтар, 2016 10:57
Мерзімінен бұрын сайлауды өткізу- ортақ идеядағы қауымдастықтың тұтастығы, яғни бірігіп алға қарай қадам басу керек, деп Қазақстан Республикасы Праламент Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская Strategy2050.kz АА эксклюзивті берген сұхбатында айтып өтті.

Мезгілден бұрын сайлауды өткізу шешімі ортақ идеядағы қауымдастықтың тұтастығы мен түсінігіне әкеледі. Бір сөзбен айтқа халық сенімі. Қазіргі күні елімізде қиын кезеңдер болып жатқанда, адамдардың өкілетке сеніммен қарағаны маңызды. Сол себепті осы сайлау арқылы халыққа кімдерді өкілет орнында көргісі келетіндігіен айтуға мүмкіндік түсуде»,-деді депутат.

Мәжіліс депутатының айтынша, бесінші шақырылымдағы Парламенттің жұмыстары артығымен жасалды.

«Президент және халықтың қойған есептері толығымен орындалды. Нормативті-құқықтық база жасалып, заңнамалар қабылданып, бүгінгі күні 5 институционалдық  реформаны жүзеге асыру жұмыстары атқарылуда»,-деді ол.

«Менің ойымша 30- ел қатарына кіру  жоспарларын іске асыру жұмыстарын жүргізу ең бірінші халық сенімділігіне байланысты. Өйткені әр адамзат баласы оның азаматтық позициясы елінің болашағына тәуелді болатының сезіну керек»,-деп қорытындылады депутат.

Индира Қауметова

Сурет  nurotan.kz сайтынан алынды 

Барлық жаңалықтар