• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс Қазақстан мен Германия арасындағы реадмиссия туралы келісімді ратификациялады

Мәжіліс Қазақстан мен Германия арасындағы реадмиссия туралы келісімді ратификациялады

20 Қаңтар, 2016 10:31
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасы арасында тұлғаларды қабылдау мен транзит туралы келісімді ратификациялау» заң жобасын қабылдады.

«Келісім 2009 жылдың 10 желтоқсанында Берлинде қабылданған болатын. Екі елдің атынан құжатқа Германия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері қол қойған болатын. Аталмыш құжат елдер шекарасында болған азаматтардың тәртіп бұзушылықтарын анықтап, қайтару жолына бағытталған. Бұл санатқа шекараға заңсыз немесе заңды түрде шыққан азаматтар жатады. Келісімді ратификациялау  заңсыз көші-қонды тоқтатуға септігін тигізеді», - деді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Ведомство басшысы атап өткендей, аталмыш заңның қабылдануы әлеуметтік-экономикалық әсер қалдырмайды.

Анар Тәңіркулова

Барлық жаңалықтар