Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» ААҚ президенті Вагит Алекперовпен кездесті

11 Қараша, 2013 17:39
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы X форумы аясында «Лукойл» ААҚ президенті Вагит Алекперовпен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Кездесу барысында компанияның мұнай-газ саласындағы қызметі мәселелері және елдің мұнай-химия саласындағы жобаларды іске асыру аспектілері талқыланды», - деп хабарламада нақтыланған.

 

Барлық жаңалықтар