- Басты
- Жаңалықтар
- Жаңа жағдайға арналған жаңа заңдар
Жаңа жағдайға арналған жаңа заңдар
Ираннан санкциялар алынған соң жағдай ушығып кетуі мүмкін. Енді ел бір млн баррелге дейінгі «қара алтынды» одан да төмен бағаға сатуға қамданып жатыр. Көптеген шетелдік сарапшылар экспортшы елдер нарығындағы жағдайы мүшкілдейтінін айтты. Оның ішінде Қазақстан да бар. Бірақ, сарапшылардың ішінде біздің ел осы күнге дейін тұрақтылықты сақтағанын, одан мойынсұнбайтындығын да атап өтті. Көптеген мемлекеттік-экспортерлерге қарағанда Қазақстанда мұнайдың төмендеуіне орай уақытылы ауқымды және толық стратегиясы жасалды, деп The Great Middle East жобасының жетекшісі, саясаттанушы Әли ГаджизадеStrategy2050.kz. АА берген сұхбатында өз пікірін білдірді.
«Иранның әлемдік мұнай нарығына келуі ұзақ уақыт бойы трейдерлерде дамокловты семсер ретінде болды, және ол орындалды. 2016 жылдың 16 қаңтарында Ираннан санкцияны шешті. Алайда Иранның келуі тез арада бағаны құлатады деп ойламаған жөн. Ол саясаттық, экономикалық және логистік факторлармен келісілген. Алайда мемлекеттер- мұнай экспортерлері әр түрлі сценарийлерді қарастыруда. Оның ішінде баррельі 20-25 долларлық мұнай бағасының төмендеу спенарийі. Бұл жоспарда Қазақстан шеттелген жоқ. Бірақ, көптеген экспортерлі мемлекеттерге қарағанда Қазақстанда уақытылы мұнай бағасының төмендеуіне нақты стратегия жасалған»,-деді сарапшы.
Оның айтуынша, Қазақстанда әлеуметтік сұрақтарға көп көңіл бөлінуде. Бұл өз жолында мемлекетімізге әлемдік дағдарыстан шығуға көмегін тигізеді.
«Мысалы, Қазақстанда мемлекет бюджет шығындарын қысқартуға шешім қабылданды. Ал басқа қырынан, 2016 жылдың 1 қаңтар айынан бастап бюджетниктірді қолдау мақсатында Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы 28 %-ға көтерілді, медецина қызметкерлеріне-29 %, әлеуметтік қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін мамандарға-40 %. Қазақстан дағдарыс кезінде 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын жалғастыруды тоқтатпады. Бұл өз кезегінде мыңдаған отбасыларға осы бағдарламаның жемісін көруге, екінші жағынан жаңа жұмыс орындарын жасауға көмегін береді»,-деді саясаттанушы.
Сарапшының ойынша, Қазақстандықтарда жаһандық экономикалық шындықты бейімдеуге барлық жағдай жасалған.
«Жалпы Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасын іске асыру мақсатында мемлекетті сапалы деңгейге шығаруға болады. Мұнайға деген бағаның төмендеуі ҚР Үкіметіне, бизнесмендері мен шетелдік инвесторларға басқа да бағыттарға көңіл бөлуге септігін тигізеді»,-деді А. Гаджизаде.
Жаңа жағдай жаңа талаптарды тізуде. Жедел әрі дұрыс шешімдерді қабылдау үшін заңнамалық база қажет. Өз кезегінде депутаттық корпусты жаңарту қажеттігі туып отыр. Айта кетерлігі, Мәжілістің қазіргі құрамы міндеттерді сәтті атқарды. Бұл пікірді шетелдік сарапшылар да қолдап отыр.
«Айта кететін жайт, ҚР Парламент Мәжілістерінің депутаттары төрт жыл ішінде бірталай заңнамалық актілер қатарын дамытып, сондай-ақ Ұлт жоспары бағдарламасының іске асуына негіз қойды. Осы кезеңді 80-нен астам заңнамалар шығарылып, Елбасының ұсынысымен институционалды реформа бойынша «жол картасы» іске асырылды. 2014 жылдың желтоқсан айында Өзбекістан парламент сайлауын өтті. Онда біздің азаматтар үлкен саяси кемелдену мен қызмет көрсетті»,- деп Ұлттық университеттің ғылыми қызметкері Э.Асаноғлы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Мемлекет басшысының бастамалары бойынша шаралар қабылдаудың тиімділігі туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да атап өтті. Осы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша шаралар қабылданды. Болашақта халықты жұмыссыздық күтпейді.
«Жұмыспен қамту саласы маңызды шаралардың бірі болып табылады. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы мен өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 2015 жылы 27 мың адам жұмыспен қамтылды», - деді ол.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы жұмыссыздықты жою мақсатында жасалып жатқан шаралар қорытындысы бойынша 2014 жылмен салыстарғанда жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға азайды.
Мәжіліс пен барлық деңгейлі сайлаудың үндесуі уақытылы ұсыныс, деді ҚР БҒМ Экономика институтының директоры Әзімхан Сатыбалдин.
«Қазақстан Президентінің реформаларын жүзеге асырудың шарықтау шегі «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға апарар жол» мақаласында айтылды. Бұл сайлауды қазір өткізген жөн, мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттың сайлауын біріктіріген жақсы. Бізде Мәжілісте 107 депутат пен 3334 мәслихат депутаты бар. ҚР Қаржы министрі сайлаудың шығыны қанша болатынын айтты, оны екі рет өткізу екі есе шығынға батырады», - деді ол.
Бүгінде экономикалық фактор ерекше рөл ойнайды. Бюджеттік қаржыны негізсіз жұмсауды ешкім құптамайды. Алайда тағы бір фактор бар. Елбасы аталмыш бастаманы қолдайтын жағдайда Қазақстан халқы аудандық мәслихаттан бастап Мәжіліске дейінгі үміткерлерге өздерінің сенімін білдіре алады. Бұл Республикамыздың жаңа демократиялы дамуының кезеңі болады. Әрбір қазақстандық мемлекеттік басқаруға өз деңгейінде атсалысуы қажет. Бұл қазіргі экономикалық жағдайда аса маңызды.
Данияр Қасымов
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары