- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында ЖҚЖК бойынша 1100 адам жұмыспен қамтылды
Павлодар облысында ЖҚЖК бойынша 1100 адам жұмыспен қамтылды
2015 жылы 762 жұмыссыз кәсіби оқытуға жіберілді, оның ішінде 32 тұрғын «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша білім алды.
Ағымдағы жылы ауыспалы контингентті (1261 адам) және 2014 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтамасыз етілмегендерді (27 адам) есепке ала отырып, кәсіби оқытудан өткен 1103 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастыру бойынша Ертіс (95,1%), және Качир (92,9%) аудандарында көрсеткіштер жоғары деңгейде болса, Екібастұз қаласы (68,9%) мен Баянауыл ауданында (70,8%) бұл көрсеткіштер төмен болып отыр.
Осылайша, әлеуметтік жұмыс орындарына жоспарланған 1480 адамның орнына халықтың нысаналы тобынан 1839 (124,2%) тұрғын жұмыспен қамтылды, оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 566 адам жұмысқа орналастырылды. Ең жоғарғы көрсеткіш Качир ауданында (83,3%), ең төмен көрсеткіш Ақтоғай ауданында (19,8%).
Жастар практикасы бойынша жоспарланған 545 адамның орнына 791 оқу орнының түлегі жұмыспен қамтылды, оның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 404 адам жұмысқа тұрды («ЖҚЖК-2020» бойынша жоспар – 265 адам болған еді).
Қоғамдық жұмыстарға жоспарланған 3460 адамның орнына 4089 жұмыссыз (118,2%) тартылды. 9348 адам бос жұмыс орындарына тұрғызылды, оның ішінде 7706 адам (82,4%) тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілді.
«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты - «Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды» жүзеге асыру бойынша 166 адам оқытылды (жоспар - 150 адам). 194 үміткер өз кәсібін ашу үшін шағын несие алды.
Сонымен қатар, бұрын қайтарылған (жиналған) қаражат есебінен Бағдарламаның 104 қатысушысына 182,3 млн.теңге сомаға шағын несиелер берілді.
Өздігімен жұмыс істейтін тұрғындарды ресмилендіру шаралары жүргізілді. Бұл жұмыс түрімен 277 облыс тұрғыны айналысады (жоспар 200 адам).
2015 жылғы 1 шілдеден бастап Павлодар облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысу шартымен аз қамтамасыз етілген азаматтарға ақшалай көмек көрсетуге арналған «Өрлеу» пилоттық жобасы бастау алды. Жобаны жүзеге асыру үшін төрт аймақ (Екібастұз қаласы, Баянауыл, Май, Шарбақты аудандары) белгіленді.
2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 32 отбасы (153 адам) әлеуметтік келісімшартқа отырды. Оларға жалпы сомасы 3878,5 мың теңге көлеміндегі ақшалай көмек тағайындалды.
Ақсу қаласы, Ақтоғай, Железин, Ертіс, Качир, Лебяжі, Павлодар, Успен аудандарында атаулы әлеуметтік көмек және балаларға мемлекеттік жәрдемақы алатын тұрғындардың кірісін молайту және өнімді жұмыспен қамту мақсатында оларға жеке қосалқы шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек бөлу жұмысы жүргізілді. 2015 жылы осындай көмекті жалпы 20,8 млн. теңге сомасына 144 отбасы алды.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 34,5%-ға, балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 10,5%-ға азайды. Ақтоғай, Железин, Ертіс аудандарында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар жоқ.
Ведомство басшысының хабарлауынша, жұмыстан босатылған және жұмысқа орналастырылған жұмыскерлердің мониторингі күн сайын жүргізіледі.
Осылайша, 2015 жылы облыс бойынша штат кестесінің қысқартылуына байланысты 247 адам жұмыстан босатылды, 211 адам өз еркімен жұмыстан шықты. Қысқартылған және жұмыстан босаған 353 қызметкер (77,1%) белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.
Аталмыш мәселені қарау қорытындысы бойынша өңір басшысы Қанат Бозымбаев облыстың еңбек, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат басқармалары, мемлекеттік кірістер департаментіне, қалалар мен аудандар әкімдеріне жұмыс берушілермен мәндетті әлеуметтік және 10% зейнетақы аударымдарын уақытында аудару бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу; қалалар мен аудандардың әкімдеріне өндіріс процестерін тұрақтандыру, жұмысшылардың еңбек құқықтарын сақтау және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша әрекеттестік Меморандумдарын өзектендіруді тапсырды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді