• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында Аймақтық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк орталығы құрылды

Ақмола облысында Аймақтық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк орталығы құрылды

20 Қаңтар, 2016 10:17
Ақмола облысында Аймақтық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк орталығы құрылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетерлігі, Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын жүзеге асыру аясында, өңiрдiң барлық салалары бойынша мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк механизмi енгiзiлуде және осы бағыттағы жұмысты сүйемелдеу үшiн «Аймақтық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк Орталығы» ЖШС құрылған.

Атап өту керек, бүгiннiң өзiнде өңiрде МЖӘ аясында 28 жоба тiркелген, оның 3-еуi Еуропалық Қайта құру мен Дамыту Банкiмен ынтымақтастық аясында  жүзеге асырылуда.

Бүгiнгi күнi Көкшетау, Степногорск және Астана қаласына жақын орналасқан елдi-мекендерде МЖӘ механизмiн пайдалану шеңберiнде балабақшалар салу көзделуде.

Өңiр басшысы осы бағыттағы жұмысты дамытудың маңыздылығын атап өтiп, барлық аудандар мен қала әкiмдерiне мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiктiң жаңа жобаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды белсендiрудi тапсырды.

 

 

Барлық жаңалықтар