Павлодар облысында 3 454,9 млн теңгенің 1731 мүлкі жария етілді

20 Қаңтар, 2016 10:01
Павлодар облысында 3 454,9 млн теңгенің 1731 мүлкі жария етілді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

2016 жылғы 12-ші қаңтардағы жағдай бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне жалпы құны шамамен 4 193,3 млн. теңгені құрайтын 2 093 жылжымайтын мүлік нысандарын жария ету туралы 1003 өтініш келіп түскен. Оның ішінде: жалпы құны 1 378,3 млн. теңге болатын 577 тұрғын үй нысандары және 2 815,0 млн. теңге сомасындағы 1516 тұрғын үй емес нысандары.

Жалпы, облыс бойынша құны 3 454,9 млн. теңгені құрайтын 1731 мүлік нысаны жария етілді, оның ішінде тұрғын үй нысаны 462, тұрғын үй емес нысандары – 1269.

Павлодар облысы Әділет департаментінің мәліметі бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге 1 212 өтініш келіп түскен. Берілген өтініштердің негізінде 1195 нысан мемлекеттік тіркеуден өтті.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар