• Басты
  • Жаңалықтар
  • Федералдық Саксония жері Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Федералдық Саксония жері Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

20 Қаңтар, 2016 09:43
ҚР Елшісі мен ГРФ Болат Нүсіпов Саксония федералдық жерінің Премьер-министрі Станислав Тилихоммен екіжақты кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында сауда-экономикалық қарым-қатынастарды және Қазақстан мен Саксония арасындағы аймақаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

ҚР ИДМ хабарлауынша Қазақстанның елшісі неміс жағын ҚР-да жүзеге асып жатқан Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауы, Ұлт жоспары «бес иниституционалдық реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадам», «Нұрлы жол» ЖЭС және ДСҰ-ға қосылу аясында инвестициялық мүмкіндіктерін ашылуы, ЕурАзЭҚ-тың жұмыс істеуі, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме сынды реформаларымен таныстырды.

«Саксонияның Премьер-министрі Қазақстанда өткізіліп жатқан экономика модернизациясы мен қоғамына жақсы баға берді. Бұл өз кезегінде қазіргі әлемдік экономиканың турболенттілігінде өте маңызды болып келеді. Сондай-ақ, олар еліміздің тартымдылығын және шикізат әріптестік аясында бірлескен экономиялық іс-шараларына өз қызығушылықтарын білдірді ,-деп хабарлануда айтылды.

Аталмыш мәнмәтінде Саксония экономикалық делегациясы бойынша  2016 жылы келетіндерін айтып өтті.

Саксония Шығыс Германияда дамыған аймақтың қатарына кіреді.  Ол жерлерде тау жұмысы, металлургия, тамақ және химия өнеркәсібі, машина жасау, логистика және электроника дамыған. Саксониялық өнеркәсіптердің біршамасы ҚР-ның индустриализациялық жобаларында қатысып, Астана қаласында өткізілетін ЭКСПО-2017 көрмесіне өздерінің үлестерін қосуға ниетті.

 

 

Барлық жаңалықтар