- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштерінде иттерге арналған арнайы даярлық өтуде (ФОТО)
ҚР Қарулы Күштерінде иттерге арналған арнайы даярлық өтуде (ФОТО)
Соғыс уақытында инженерлер ұрысты үздіксіз жүргізу үшін әскерлерді барлық қажеттімен қамтамасыз етеді (көпірлер мен орлар қазады, алаңдарды минасыздандырады, жолдарды төсейді және т.б.). Бейбіт уақытта әртүрлі техникамен жұмыс жасау дағдысын шыңдайды, қару-жарақтың жаңа түрлерін зерделейді, қажет болған жағдайда табылған жауынгерлік снарядтарды жою, минасыздандыру жөніндегі жұмысты орындайды.
Кинолог мамандарды даярлау айрықша орынға ие. «Біздің уақытта жаяу әскерді шыдамды құлтемірлермен, авиацияны жаңылыспайтын ұшқышсыздармен, ал барлаушыларды ғарыштық жерсеріктердің қырағы көз жанарымен алмастыруға болады. Бірақ, төрт аяқты саперлер қазір де болашақта да жұмыссыз қалмас», - деп әскери қызметшілер атап өтті. Бүгінгі күні 58012 әскери бөлімінде бельгиялық овчарка, лабрадор және неміс овчаркасы бар.
Жаттықтыру және үйрету осы иттерге бекітілген штаттан тыс кинологтармен өткізіледі. Күн сайын осы иттерді жаттықтыру кедергілер жолағында өткізіледі. Иттер тұрғын емес құрылыстар мен техникада оқу елестеткіштерін (жарылғыш заттарды) іздестіруді пысықтайды. Сонымен қатар иттер әртүрлі байқауларға қатысқан және марапаттары да жоқ емес. Практика көрсеткендей, ұрыс алаңында иттерді ең дамыған жоғары технология да алмастыра алмайды. Олар жарылғыш заттарды, есірткі және жоғалып кеткен сарбаздарды тауып қана қоймай, науқастар мен жараланғандарға қалпына келуге көмектесе отырып, тылда еңбек етуге қабілетті. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің инженерлік қызметіне арналған мина-іздестіру иттерін даярлау 2014 жылы басталғанын естеріңізге сала кетейік.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары