Қызылордада әлеуметтік тапсырыс аясында 4 аула клубы ашылды

11 Қараша, 2013 17:15
Қызылордада әлеуметтік тапсырыс аясында 4 аула клубы ашылды, деп хабарлайды «BNews.kz» ақпараттық агенттігі қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Балдырған Мәменге сілтеме жасай отырып.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мәмен: «Самұрық» инновациялық идеяларды жүзеге асыру орталығы биыл Қызылордада аула клубтары жұмысын ұйымдастыру бойынша әлеуметтік тапсырыс жұмысын  істеуде», - деп мәлімдейді.

Оның айтуынша, мемлекет тарапынан аталмыш мақсатта 2 млн 800 мың теңге бөлінген.

«Достық», «Шаттық», «Самғау», «Жұлдыз» клубтары ашылып, жыл басынан бері олар отыздан астам мәдени, спорттық, сауықтыру шараларын өткізген.Төрт клубтың екеуі Титова мен Тасбөгет ауылдарында салынған», - деп нақтылады ішкі саясат бөлімі бастығы.

Мәменнің айтуынша, 4 клуб та әлеуметтік тапсырыстар бойынша балалар шығармашылығының 8 көрмесін, 6 би байқауын, сонымен қатар бірқатар спорттық шаралар өткізген. Осының барлығына шамамен 300 бала мен жасөспірім қатысқан.

Барлық жаңалықтар