- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «ITS зияткерлік көлік жүйелері» стандарттау жөніндегі техникалық комитеті құрылды
Қазақстанда «ITS зияткерлік көлік жүйелері» стандарттау жөніндегі техникалық комитеті құрылды
Қазіргі уақытта «Астананың жаңа көлік жүйесі» жобасының аясында ITS зияткерлік көлік жүйелерін енгізу жүзеге асырылуда, оның ішіне мыналар кіреді: трафикті басқару, диспетчерлендіру, ақпараттандыру, бейнебақылау, жолаушыларды есепке алу жүйесі және жолақыны электронды төлеу, қаланың кешенді көлік кестесін (ККК) әзірлеу, сонымен қатар жолаушылар көлігін жаңарту, түрлендіру және кезекті қаржыландыру, автобус парктерін (деполарды) салу.
Жол қозғалысын ұйымдастырудың қосалқы жүйелерін бірыңғай техникалық және технологиялық кешенге біріктіретін жинақталған жүйелерді құру үшін, сонымен қатар жол қозғалысының қатысушылары мен тасымалдау процесінің әлеуетті субъектілері үшін ақпараттық қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары арқылы сапалы көрсеткіштерді бекіту қажет.
«Астана LRT» ЖШС ұсынысы бойынша осы жобаны жүзеге асыру аясында Комитет Төрағасы Қанешов Біржан «ITS зияткерлік көлік жүйелері» стандарттау жөніндегі техникалық комитетін құру туралы бұйрыққа қол қойды, оның құрамына «Астана қаласының жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдарын басқару» ММ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті, «Қазақстан стандарттау және сертификатту» РМК, «ТК ҒЗИ» ЖШС, «СМЭУ-Астана» ЖШС, «Research and DevelopmentSolution» ЖШС, «Технодата» ЖШС, «Жаңа жобалар» ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС өкілдері кірді.
Бұдан өзге, ең алғаш рет жаңа форматтағы ТК құрылды, ол құрылатын Техникалық комитеттердің болжанған стандарттау нысандарының бағыты бойынша мүдделі тараптармен жариялы түрде талқылау негізінде құру туралы шешімдер қабылдауды білдіреді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды