- Басты
- Жаңалықтар
- «Inalca Eurasia» қазақстандық еттің брендін қалыптастырмақ
«Inalca Eurasia» қазақстандық еттің брендін қалыптастырмақ
«Inalca Eurasia» еліміздің ет саласына 100 млн. евродан астам инвестиция салуға шешім қабылдады, осы инвестициялар республикамыздың үш облысында жалпы қуаттылығы 44 мың бас малды бір уақытта бордақылайтын бордақылау алаңдарының құрылысы үшін сатылас-біріктірілген компанияны құруға бағытталатын болады. Одан басқа, Ақтөбе облысындағы еткомбинатын қуаттылығы 20 мың тонна ет және ет өнімдерін өндіруге арттыра отырып жаңғырту жоспарланған. «Inalca Eurasia» компаниясы қазақстандық ет брендын қалыптастыруға және Ресей Федерациясы мен Еуропа елдерін ет экспортымен қамтамасыз етуге ниетті.
«Актеп» компаниясы 2015 жылы ай сайын тұрақты түрде 200 тона көлемінде ет экспорттауға шығып отыр. 2016 жылы ет өнімдерін экспорттауды жылына 12 000 тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қуаттылығы жылына 7200 тона ет өндіретін заманауи етөндейтін зауыт салынды. Осының барлығы компанияның етті мал шаруашылығындағы өңіраралық кооперациясының орталығы болуға мүмкіндік береді.
Үш облыстардың әкімдіктері, министрлік және «Inalca Eurasia» компаниясы аралығында, өңірлердегі ет экспортының әлеуетін арттыруға міндеттер мен индикативті көрсеткіштерді анықтайтын етті мал шарушылығы саласында өңіраралық кооперация құру бойынша бірлескен іс-әрекеттер жоспарына қол қойылды.
Өткен жылдың қараша айында «Евразия агрохолдинг» және «Rifa Holding Group» қытай трансұлттық компаниялары арасында Шығыс-Қазақстан облысының Аягөз ауданында қуаттылығы 17 мың тонна ет өнімін құрайтын ет комбинатының құрылысы бойынша бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойылды. Өнім Қытайға экспорттауға бағдарланатын болады.
Қазіргі уақытта ҚР АШМ-нің ветеринариялық бақылау қызметі ҚХР-ның ветеринариялық қызметімен бірге Қазақстаннан Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін өткізуге қойылған тыйымдар мен шектеулерді алып тастау, сонымен қатар сиыр және қой еті бойынша қытай нарығына рұқсат алу сұрақтары пысықталуда. Осы мәселенің оң шешілуі де ет және ет өнімдерін өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді.
ҚХР-на ресми сапар кезінде нәтижесінде қазақстан етін Қытайға өткізуге рұқсат берілетін, ағымдағы жылы ет және ет өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бойынша бірлескен инспекциялау бойынша келісімге қол жеткізілді.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Қаржы министрлігі: Ұлттық қор трансферті, бюджеттің атқарылуы және шығыстар мен кірістер -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді